Бір айда 12 бала терезеден құлаған

20 Мамыр 2020, 22:30
2473
Бөлісу:
Бір айда 12 бала терезеден құлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі кішкентай балалардың терезеден құлап кету жағдайларына алаңдаушылық білдіреді. Алдын алу жұмыстары үнемі жүргізілетініне қарамастан, қайғылы жағдайлар саны өсіп жатыр.

Жыл басынан бері көп қабатты үйлердің терезесінен 26 бала құлап кеткен. Олардың жартысы (12 оқиға) – мамырдың айындағы 20 күн ішінде орын алған. Үлкендердің қараусыз қалдыруы салдарынан терезеден абайсызда құлап кететін балалардың көбі 2 мен 8 жас аралығындағылар. Көктемгі-жазғы кезеңнің басталуы, сондай-ақ коронавирустың таралуына байланысты тұрғындар пәтерлерді жиі желдете бастады. Карантин жағдайында балалар көп уақыттарын үйде өткізеді. Ал ата-аналар мен туыстары үйден жиі шығып кетеді немесе балалардың белсенділігі мен әр нәрсеге құмарпаздығын естен шығарып, үй жұмыстарымен алаңсыз айналысады - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Балалар ашық терезенің қаншалықты қауіпті екенін білмей, жақын барып ойнайды. Қазіргі заманғы терезелердің балалардың өздері ашып алуына ыңғайлы екенін есте ұстау қажет.

ІІМ тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Баланың терезеден немесе балконнан құлау қаупін азайту әрбір ата-ананың қолынан келеді.

  • Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз.
  • Терезенің қорғанышы болмаса москит торларын пайдаланбаңыз.
  • Баланы, әсіресе, терезелер мен шыны есіктердің жанында қараусыз қалдырмаңыз.
  • Баланың терезе алдына шықпауы үшін терезенің жанына жиһаз қоймаңыз.
  • Балаларға терезенің жанындағы жиһазға немесе басқа төсекке секіріп ойнауына жол бермеңіз.
  • Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету маңызды. Үлкен балаларды кішілерге қарауға үйрету.
  • Балалар бөлмесінің терезелеріне керек-жарақтарды мұқият таңдаңыз. 
Атап айтқанда, күннен қорғау құралдары – жалюздер мен рулонды перделер жарқырайтын баулар мен тізбектерсіз болуы тиіс. Абай болыңыз және сақ болыңыз! Есіңізде болсын, балалардың үйдегі қауіпсіздігіне бірінші кезекте ата-аналар жауап береді - дейді мамандар.
Өзгелердің жаңалығы