Бір аптада азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттағаны белгілі болды

14 Наурыз 2022, 14:24
1256
Бөлісу:
Бір аптада азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттағаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Министрлік әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізіп жатыр. Ұлттық бюро статистика деректері бойынша өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 пайызға өсті. Оның ішінде қырыққабат – 1,6 пайызға, қант – 0.6 пайызға және картоп 0,5 пайызға қымбаттады, - деді ол. 

Қазанбаев азық-түліктің қымбаттауы бір аптада Маңғыстау облысында тіркелгенін айтты. 

Онда 0,8 пайызға қымбаттаған. Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4 пайызда тіркелді. Осы деректер бойынша бір апта ішінде баға 0,16 пайызға өсті, - деді Қазанбаев. 

Оның айтуынша, министрлік жергілікті атқарушы органдарға бағаны көтермеу бойынша тапсырма берген. 

 

Өзгелердің жаңалығы