Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
Ол елдегі криминогендік жағдай туралы да айтып берді.
Сондай-ақ ол Ақмола облыстық Полиция департаментіне тұрғындардан алғыс келіп түсетінін айтты.Бір апта ішінде 3 393 қылмыс жасалды, оның 2 331 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 5 қарақшылық, 37 тонау және 517 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Ораз.
Instagram әлеуметтік желісіндегі Ақмола облыстық Полиция департаментінің ведомстволық парақшасына Көкшетау қаласының тұрғынынан облыстық Полиция департаменті басшылығына және Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне ризашылық білдірілген өтініш келіп түсті. Өтініш авторы полицейлердің жұмысының арқасында өзі тұратын ауланың есірткі сатушылардан тазарғанын айтып, алғыс білдірді. «Еңбектеріңізге рахмет!» деген үндеу авторы, - деді Нұрділдә Ораз.