Бір апта ішінде 3 мыңға жуық қылмыс жасалған

9 Қазан 2023, 11:59
780
Бөлісу:
Бір апта ішінде 3 мыңға жуық қылмыс жасалған
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай ел аумағында бір апта ішінде 2893 қылмыс жасалып, оның 1800-і тәулік ішінде ашылған.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 9 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 31 тонау және 368 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ, 2-8 қазан аралығында ел аумағында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шараның мақсаты заңсыз көші-қон арналарын анықтау және оның жолын кесу.

Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзған 8303 шетелдік, сонымен қатар шетелдіктердің елде болу ережесін дұрыс қамтамасыз етпеген 2632 адам мен шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 537 адам жауапкершілікке тартылды. Елден 931 шетелдік азамат шығарылды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен келген шетелдіктер арасынан 22 қылмыскер ұсталды, - деді ІІМ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы