Биолог коронавирусқа байланысты жануарлардан қорғануға шақырды

29 Қараша 2020, 12:12
1257
Бөлісу:
Биолог коронавирусқа байланысты жануарлардан қорғануға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құстар күзен фермалары арасында коронавирус инфекциясының тасымалдаушысы бола алады. Бұл туралы биолог, БҰҰ-ның жануарларды қорғау және биоалуантүрлілік саласындағы конвенцияларының конференциясына қатысушы Мария Воронцова мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Маман індет салдарынан жануарлардан қорғануға шақырды. Оның айтуынша, Данияда вакцина әрекет етпейтін вирустың мутациясына байланысты күзендерді жою туралы шешім қабылданды. 

Теория бойынша, вирус жаңа ортаға түсіп, мутацияға ұшырайды және бейімделуге тырысады, ортасын өлтірмеу үшін жұмсақ болады. Ал мутация жасап, жануар ағзасына бейімделіп, ол жерден адамға басқа формада және одан да күшейіп жұғуы мүмкін, - деп түсіндірді ол.

Воронцова сусарлар тұқымдасының  барлық өкілдері вирусты жақсы қабылдайтынын айтты. Сондай-ақ, зерттеулер теңіз сүтқоректілері кемелердің кәріз суларынан жұқтырып, содан кейін вирусты қайтадан адамға жұқтыруы мүмкін екенін дәлелдеді.

Өзгелердің жаңалығы