Биллклинтон Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер туралы айтып берді

4 Ақпан 2022, 17:15
1703
Бөлісу:
Биллклинтон Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ экс-президентінің аттасы 25 жастағы полиция қызметкері Биллклинтон Осипов Алматыда тұрады. Жас әлеуметтік желіде тараған учаскелік инспектор түсірген кітапшаның суретінің арқасында танымал болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының тумасы Биллклинтон – отбасындағы жалғыз бала. Ұлына төл есімді анасы Қабила Осипова қойған.

Анам маған АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтонның есімін берді. Оған көшбасшы ретінде де, тұлға ретінде де ұнады, - дейді полицей. 

Ерекше есімнің иесі болғандықтан, лейтенант бала кезінде қиналғанын айтады. Күлкіден қашып, ол тіпті атын Билл деп қысқартқысы келген, бірақ кейінірек бұл ойын өзгертіп, есімге деген қызығушылықтың артуына жай ғана әзілмен қарай бастайды.

Иә, мектепте ыңғайсыз болды. Қыздар күлді, мұғалімдер қайталап сұрады. Қазір үйрендім. Маған есімім ұнайды, қысқартпаймын, өзгертпеймін, – деп есіне алады ол. 

Бала кезінде Билл саксофонист болуды армандаған. Жас жігіттің музыкалық қалауына Билл Клинтонның өмірбаяны әсер еткен.

Билл Клинтон саксофонда ойнай алады, бірақ мен жоқ. 

Бала кезімде саксофонда ойнауды армандайтынмын, бірақ, өкінішке қарай, үйренуге уақыт таппадым. Гитарада  да ойнайтынмын, бірақ көптен бері оны қолыма ұстамадым. Қазір музыка тыңдаймын, - дейді Биллклинтон.

 Жас жігіт болашақ мамандығын көзі тірісінде құқық қорғау органдарында қызмет еткен әкесінің арқасында таңдаған. 

Билл полицей жұмысын нағыз ерлерге лайық жол деп санайды және құқық қорғау органдарындағы қызметін мақтан тұтады. 

Жас лейтенанттың айтуынша, оның есімі күнделікті өмірі мен жұмысына әсер етпейді. Керісінше, бұл учаскелік инспекторға тиімді, өйткені онымен кездескенде адамдар күлімдеп, есімінің растығына қатысты сұрақтар қоя бастайды. 

Жас лейтенант қаңтардағы қайғылы оқиғаны әлі күнге дейін селт етіп еске алады. 

Алаңға келдік, оқ өтпейтін жилеттерді, дулығаларды, қалқандарды, таяқтарды алып кеттік. Адамдардың ағылуында шек болмады. Ал, шынымды айтсам, болған барлық нәрседен, дыбыстардан өте қорқынышты болды. Гың естілді. Адамдар тастарды, қолдарына келгеннің бәрін лақтырды. Барлығы таңғы алтыға дейін болды. Қаламызды қорғадық, митингіге қатысушыларды сабырға шақырдық, бірақ көп нәтижеге қол жеткізе алмадық. Шынымды айтсам, бұл түн өмірімнің соңғы түні болады деп ойладым. Мен оны өмірімнің соңына дейін есімде сақтаймын. Бірақ бақытымызға орай, үйге  аман-есен оралдым. Сол түннің соңына дейін қатарлас, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірге жүрген әріптестеріме алғысым шексіз. Сен учаскелік инспекторсың, ал мен жол полициясының қызметкерімін деген бөлініс болмады. Жалпы бақытсыздық бізді біріктірді. Қиындық алдында бәріміз тең едік, күш-қуатымыз бір едік. Мыңдаған адамдардың өмірі, сүйікті қаламыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы бізге байланысты болды. Жолдастарымның біразы жараланды. Осының бәрін есіме түсіру мен үшін қиын. Әрқайсымыз қорқып кеттік. Бірақ, менің ойымша, біз күш сынағынан лайықты өттік, - деп еске алады алматылық полицей. 

Билл үшін ең үлкен бақыт – оның отбасы, ол өзінің сүйікті үш жасар қызы Айзерені баға жетпес байлық деп есептейді. Жас әке болашақ балаларының есімін әлі ойламаған. 

Арканзас керемет әдемі. Арканзастағы ең биік тауда Mount Magazine мемлекеттік саябағы бар. Бұл жер АҚШ-тың ең биік нүктесі. Міне, мен осы жерге барғым келеді. Өйткені мен нағыз алматылық ретінде тауды жақсы көремін. Ал шынында жолым болып, күтпеген жерден нағыз Билл Клинтонмен кездесіп қалсам, кездесуде оған қояр сұрақтарым болады деп ойлаймын. Ең бастысы, осындай мүмкіндікке ие болу керек, - дейді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы