Білімнің бәсекеге қабілетті болуын мықтап қолға аламыз - Саясат Нұрбек

1 Қазан 2022, 15:26
879
Бөлісу:
Білімнің бәсекеге қабілетті болуын мықтап қолға аламыз - Саясат Нұрбек

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мемлекет басшысының жаңадан құрылған Абай облысына, соның ішінде Семей қаласына сапары жерлестеріме зор үміт сыйлады. Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірдің қайта түлеуіне, жергілікті жұрттың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.  Соның ішінде білім саласын дамытуға, қазіргі заманға қажетті, жоғары деңгейдегі білікті мамандар даярлау үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты, - деп жазды ведомство басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айтуынша, Мемлекет басшысы Абай өңіріне сапары барысында білім саласына қатысты бірқатар тапсырмалар берген. 

«Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажет. Аймаққа қажетті кадрларды дайындау үшін тиісті стандарт әзірлеген жөн. Жастарымыз сапалы білім алып, туған өлкесін дамытуға үлес қосуға тиіс. Сол себепті, облыстағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырамын», - деді Президент. Мемлекет басшысымен бірге ұлты ұстаздарының қара шаңырағына айналған педагогикалық колледжге де бардық. Бұл жерде Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды алыптар білім алған. «Білім – бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі» деген Президенттің сөзімен толық келісемін және осы бағыттағы жұмыстарды мықтап қолға аламыз, - деді Саясат Нұрбек. 

Өзгелердің жаңалығы