Білім күні елордада жаңа Оқушылар сарайы ашылады

16 Тамыз 2023, 13:17
703
Бөлісу:
Білім күні елордада жаңа Оқушылар сарайы ашылады
Фото: instagram.com/kanalimov

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

56 бағыт бойынша 50-ден астам үйірме, 99 оқытушы және жалпы ауданы 8 мың шаршы метрге жуық ғимарат 1 қыркүйекте Білім күнінде елордалық балаларға жаңадан ашылған «SANA» Оқушылар сарайы өз есігін айқара ашады, ол қосымша білім алу орталығына айналады,- деп жазды мәслихат төрағасы.

Ерлан Каналимовтың сөзінше, жаңа ғимарат бір уақытта 700-ге жуық баланы қабылдай алады.

Әріптестерімен бірге орталықтың ашылуға дайындығын тексердік. Тұран, 34 Б мекенжайындағы ғимарат әртүрлі үйірмелерде оқуға қажетті барлық жабдықтармен жабдықталған және бір уақытта 700-ге дейін оқушыны қабылдай алады. Орталық жыл бойы жұмыс істейді. Оқушылар сарайында балаларға би, вокал, робототехника, әртүрлі спорт түрлері, әлеуметтік ғылымдар бойынша қызмет көрсетеді,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы