Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық екі есеге азайды – Бекайдаров

2 Шілде 2021, 17:55
2137
Бөлісу:
Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық екі есеге азайды – Бекайдаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров Агенттіктің жедел тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен брифингте айтты.

Биыл білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері екі есеге азайды. Мұнда онлайн форматта оқуға көшу фактілерін жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың 5 айында білім беру саласының қызметкерлеріне қатысты 174 іс жүргізсе, биыл бұл көрсеткіш 87 қылмысқа дейін төмендеді, - деді Бекайдаров.

Ол атағандай, сотқа 35 қылмыстық іс жолданды.

Аталған істер бойынша 4 адам сотталды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залалдың сомасы 268 млн теңгені құрады, оның қазіргі уақытта 268 млн теңгесі немесе 100% толық өтелді. Талдау көрсеткендей, өңірлер бойынша білім беру саласындағы қылмыстардың ең көп саны анықталды: Шымкент қаласында – 23 факт, Алматы қаласында – 14, Шығыс Қазақстан облысында – 13 және Түркістан облысында – 8 факт, - деді Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің басшылары жасаған қылмыстардың саны 35%-ға ұлғайған.

Биыл жалпы білім беретін мектептердің 2 директоры сотталды. Көбіне сыбайлас жемқорлық фактілерін білім беру мекемелерінің басшылары жасайды, олар өздеріне жүктелген сенімді пайдалана отырып, бюджет қаражатын ұрлайды, - деді ол.

Бұған дейін Данияр Бекайдаров Шымкентте мектеп директоры балаларды тамақтандыруға бөлінген қаражатты жымқырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы