Білім беру ісінің корифейі Қажахмет Балахметов өмірден өтті

6 Қараша 2021, 16:39
1127
Бөлісу:
Білім беру ісінің корифейі Қажахмет Балахметов өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім беру ісінің корифейі Қажахмет Балахметов өмірден өтті.

Суыт хабар жайлы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісінде жазды.

Бүгін отандық білім беру ісінің корифейі, Қазақ КСР білім беру министрі болған Қажахмет Балахметов өмірден өткендігі туралы суыт хабар жетіп, көңілді құлазытты. Қажахмет Балахметұлы еліміздің білім беру саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан адам. Бұл саланы 13 жылдан астам басқарған ол, балалар мен жастарды оқыту мәселесіне ерекше назар аударатын, - деді министр.

Аймағамбетов Қажахмет Балахметовпен биыл жазда кездескенін жазды.

Соңғы рет Қажахмет Балахметовпен биыл жазда 95 жас мерейтойымен құттықтап барғанымда кездесіп едік. Ол үнемі білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, өз тәжірибесімен бөлісіп отыратын. Қажахмет Балахметұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын, - деді Асхат Аймағамбетов.
Өзгелердің жаңалығы