Білім беру деңгейі айтарлықтай төмендеді. Аружан Саин суицидтің алдын алу туралы айтты

7 Сәуір 2022, 11:54
3555
Бөлісу:
Білім беру деңгейі айтарлықтай төмендеді. Аружан Саин суицидтің алдын алу туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы балалар омбудсмені Аружан Саин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен суицид туралы отырыста айтты.

Суицид мәселесін алдын алуға келгенде балаларды жиі айтамын. Себебі тұлғаның қалыптасуы сол кезде басталады. Білім саласындағы өзгерістер мен реформалар білім сапасының артуына ықпал етеді деп үміттенеміз. Себебі білім беру деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бұл балалардың оқуды тәмамдағаннан кейін қандай жетістікке жетуімен тікелей байланысты. Мысалы, мамандық таңдап, білімін жетілдіру осыған байланысты болады,-деді ол.

Саин атап өткендей, адам өмір бойы айналысатын қызметін дұрыс таңдауы аса маңызды.

Сондықтан әркім өзінің сүйікті ісімен айналысуы керек. Өз мамандығы арқылы қаржылық тұрақтылыққа жету де аса маңызды. Себебі ол да күйзелістің, жабырқаудың себебі болуы мүмкін. Білім саласындағы жалақыны арттыру реформасы да нәтиже береді деген үміттемін,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы