Білім беру арқылы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды

7 Наурыз 2022, 15:51
2289
Бөлісу:
Білім беру арқылы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері  талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ҚР АҚШ-тағы Елшілігінің көмегімен «Білім беру арқылы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында виртуалды дөңгелек үстел өткізді.Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған іс-шара Қазақстан мен АҚШ-тың әйелдер теңдігін, қауіпсіздігін және құқықтарын кеңейтуді ілгерілету жөніндегі игі мақсатқа берік ұстанымдарын айқындады.

Дөңгелек үстелде талқыланған тақырыптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күн тәртібіндегі басымдықтарымен және Президенттің ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлығымен тығыз байланысты, онда гендерлік теңдік негізгі бағыттардың бірі ретінде болып табылады.

Отырыс барысында спикерлер әйелдердің құқықтарын кеңейту, гендерлік теңдік және кәсіпкерлік саласындағы қазірдің өзінде қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан-Америка ынтымақтастығына ықпал ететін нақты жобаларды талқылады.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов Халықаралық қаржы орталығы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Қазақстандағы Кәсіпкер әйелдер академиясы бағдарламасын жүзеге асыру үшін қаржыландыру мүмкіндігіне қарай алдын ала рұқсат алғанын атап өтті. Бұл Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі жүздеген әйелдерге АҚШ-тағы серіктестеріміз жасаған негізгі оқу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Қазақстанның әйелдер құқықтарын ілгерілетудің түрлі аспектілеріндегі жетістіктері туралы айтты. Негізгі кезеңдерге әйелдер мен жастардың сайлауға қатысуы үшін міндетті 30 пайызды квотаны енгізу және оны депутаттық мандаттарды бөлуге қолдану, БҰҰ ҚК 1325 қарарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдау, тыйым салынған  200-ден астам кәсіпті құрайтын әйелдерге арналған кәсіптер тізімін жою.

Ақ үйдің Гендерлік саясат кеңесінің аға кеңесшісі Р.Фогельстин АҚШ Президенті  Әкімшілігінің дүние жүзіндегі және Орталық Азиядағы әйелдердің құқықтарын кеңейтуге жәрдемдесетін негізгі стратегияларымен бөлісті, сондай-ақ «резерв құру және қолайлы орта құру» бүгінгі жас қыздар мен көшбасшы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, Қазақстан мен бүкіл аймақтағы болашақ көшбасшыларға айналдырады - бұл АҚШ бірлесіп орындауға дайын маңызды жұмыс».

Спикерлер Қазақстанның қаржы секторында гендерлік линзаларды қолданудың практикалық мысалын талқылады. Сонымен қатар, диалогта кәсіпкерлерге АҚШ-та тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін АҚШ Сауда министрлігінің SABIT атты білім беру бағдарламалары және АҚШ-тың жеке секторы мен шетелдік үкіметтерді біріктіретін АҚШ Мемлекеттік департаментінің POWER сияқты бастамалары талқыланды.

Іс-шараны аяқтай отырып, ҚР АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев Қазақстан әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүдделілігі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту елдегі жұмыс орындарын құруда және экономикалық өсуді ынталандыруда маңызды рөл атқаратынынан туындайтынын атап өтті. Ол ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсаты әйелдердің құқықтарын кеңейту үшін бірлескен екіжақты альянстарды құруды қарастыруды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы