Білім басқармасы бейәдеп ойын ойнағандарға қатысты жауап берді

26 Маусым 2023, 13:48
6204
Бөлісу:
Білім басқармасы бейәдеп ойын ойнағандарға қатысты жауап берді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысындағы мектеп түлектерінің кеш үстінде бейәдеп ойын ойнаған видеосы тараған болатын. Өңірдің білім басқармасы аталған жайтқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті облыс тұрғындары мен БАҚ өкілдері! Әлеуметтік желіде «Ақтөбе облысында түлектер мектеп бітіру кешінде бейәдеп қылықтар жасауда» деп дүрлікпе бейнекөрініс тарады. Облыстық білім басқармасы тарапынан зерделеу барысында әлеуметтік желіде жарияланған бейнекөріністегі тұлғалардың мектеп, колледж түлектері емес екендігі анықталды. Жарияланымдағы тұлғалардың мектеп түлектері деп көрсетілуі толығымен шындыққа жанаспайды. Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР заңнамасында қылмыстық жауапкершілік көзделген, - деді Ақтөбе облысының білім басқармасының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы