Білікті эпидемиологтар маңғыстаулық комбинаттың еңбек ұжымымен кездесті

14 Шілде 2021, 14:29
4068
Бөлісу:
Білікті эпидемиологтар  маңғыстаулық комбинаттың еңбек ұжымымен кездесті
PHOTO
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Эпидемиолог мамандар "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" ЖШС ұжымымен кездесіп, вакцинацияға қатысты қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Медицина ғылымдарының кандидаты, эпидемиолог Айнагүл Қуатбаева мен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценті Айнұр Садықова еңбек ұжымына коронавирус инфекциясы мен вакцинацияға қатысты барлық сұраққа жауап берді.

Білікті эпидемиологтар  маңғыстаулық комбинаттың еңбек ұжымымен кездесті

Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, бүгінде елімізде коронавирус індетін жұқтырған 4 мыңнан астам адам тіркеліп жатыр.

Әлем бойынша вакцина бірегей себептермен әзірленетінін атап өту керек. Эпидемиологиялық ахуал мен өлім-жітімге алып келетін індет вакцина әзірлеуге мәжбүрлеуі мүмкін. Бүгінде адамзатқа жануарлар әлемінен енген вирустың адамнан адамға жұғу әлеуеті жоғары болғандықтан, әзірленген вакциналардың үшінші клиникалық зерттеуі аяқталмай жатып, пайдалануға енуін ДДСҰ мақұлдады. Себебі бұл індет эпидемия емес, пандемияға айналды, - деді эпидемиолог.

Білікті эпидемиологтар  маңғыстаулық комбинаттың еңбек ұжымымен кездесті

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 4 вакцина алуға таңдау бар. 

Алайда кейбір вакциналардың қоры мен санының азаюына байланысты өңірде вакцина дозасы аз болуы әбден мүмкін. Кездесуді тиімді өткізу үшін сұрақ-жауап форматында өткізуді жөн көріп отырмыз, - деді ол.

Білікті эпидемиологтар  маңғыстаулық комбинаттың еңбек ұжымымен кездесті

Өз кезегінде Айнұр Садықова үнді штамының клиникалық көріністері өзгеше екенін айтты. 

Бұл ауру  инфекциялық-токсикалық шокқа алып келіп жатыр. Алдыңғы хаттамада жазылған коронавирус кезеңдерін бөліп жасағанбыз. Қазіргі аурудың кезеңдері мүлдем жылдам дамып, инфекциялық шокқа әкеліп жатыр. Сондықтан ауырып ем іздегенше, оның алдын алу әлдеқайда дұрыс деп ойлаймыз, - деді ол.

Білікті эпидемиологтар  маңғыстаулық комбинаттың еңбек ұжымымен кездесті

Қызметкерлердің ішінде вакцинаның екі компонентін салдырғандар да баршылық.

Мысалы, Еңбекті қорғау қызметінің басшысы Шаңытбай Есенғалиев көктемде вакцина алған. 

Білікті эпидемиологтар  маңғыстаулық комбинаттың еңбек ұжымымен кездесті

Ол екпе алса да, мамандардың пікірін тыңдауға келгенін айтады.

Эпидемиолог мамандар қарапайым тілмен түсіндіріп жатыр. Өткен жылдағы жағдай қайталанбас үшін вакцина алу керек деп ойлаймын. Біздің мекемеде мыңнан астам адам вакцина алды. Тағы мыңнан астам қызметкер осы айда алады деп жоспарлап отырмыз. Келісіп отыр. Қалғандарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір ашық дереккөздерде де көп пайдалы ақпарат бар. Сондықтан адам өзі мен жақындарының денсаулығын сақтағысы келсе, екпе алуы керек. Барлық тұрғынды осыған шақырамын, - деді Есенғалиев.

Білікті эпидемиологтар  маңғыстаулық комбинаттың еңбек ұжымымен кездесті

Айта кетейік, комбинат Энергетика министрлігіне қарасты жұмыс істейді. Комбинатта 4 мыңға жуық қызметкер еңбек етеді. Қазіргі таңда мыңнан астам қызметкер вакцина алған. Тағы мыңға жуық қызметкер осы айда алуды жоспарлап отыр.

Білікті эпидемиологтар  маңғыстаулық комбинаттың еңбек ұжымымен кездесті

Өзгелердің жаңалығы