Билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 іс ҰҚК қарауында жатыр

14 Ақпан 2022, 20:20
1595
Бөлісу:
Билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 іс ҰҚК қарауында жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысына Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов баяндады.

Бас прокурордың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны туралы азаматтардың шағымдары бойынша 173 істі жүргізуде. 

Мемлекетке опасыздық жасау, өкілеттіктерді асыра пайдалану және билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауында жатыр. Сондай-ақ арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша 179 істі тексеруде.

Өзгелердің жаңалығы