Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым жеңілдетілген карантин кезінде экономиканы көтеруді ойластыру қажеттігін айтты.
Шілде айында індет шарықтау шегіне жетті. Сол кезде спорттық ареналарды науқастарды емдеуге бере бастады. Бүгінгі күні жағдай тұрақталып келеді. Ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны азайды. Дәрі-дәрмек пен кадр жетіспеушілігі де реттелді. Енді бүгінгі күннің ең үлкен және өзекті мәселесі - бұл коронавирустың өзі емес, ұлттық экономиканың және бизнестің жағдайы. Коронавирустық дағдарыстың нәтижесінде Қазақстан экономикалық тұрғыдан бұдан да төмендей түседі, жұмыссыздар мен кедейлердің саны өседі. Ұлттық және жеке шоттар қысқарады. Барлық күш-жігерімізді салып, шамамыз келетіннің бәрін құтқарып қалуымыз қажет. Шағын және орта бизнесті мүмкіндігінше қайта іске қосу маңызды. Тіпті, санитарлық шектеулерге қарамастан, коронавирусқа байланысты тоқтап қалған барлық технологиялық, логистикалық және бизнес тізбегін қайта іске қосу керек, - дейді саясаттанушы.
Ол осы ретте билік өкілдері абай болу керегін айтты.
Екі рет қатаңдатылған карантин режим аяқталды. Енді осы екеуінен сабақ алу керекпіз. Ең бастысы, әр адамға физикалық және психологиялық тұрғыдан қиын болды. Бірақ карантин алаяқтар мен пайданы көздегендер үшін қорек болған жоқ. Барлық негізгі түйін қоғамдық және парламенттік бақылаумен қамтылуы қажет. Азаматтарымыздың өмірін қиындатып жібергеннен гөрі бірнеше комиссия құрып, шенеуніктердің өмірін қиындатқан дұрыс. Адамдар онсыз да көп нәрседен айырылып қалды. Билік жаңа ауыртпалықтың, елдің ызасын келтіретін жағдайлардың қайнар көзі болмауы керек. Мемлекет барынша жинақы, ашық, әділ болу тиіс. Тексерістер жүргізу мен айыппұлдар салуға мұқият болуымыз керек. Зиянды заң бұзушылығы жоқ той, фестиваль шараларын тексеруге барғанда өкілетігі бар шенеунік мүмкіндігінше бизнес субъектілеріне адамгершілікпен қарау қажет. Бізге қоғамдық пікірмен жұмыс істеуге көбірек көңіл бөлген дұрыс. Азаматтардың жауапкершілікті өздері түсініп, гигиена мен санитарлық қауіпсіздіктің қарапайым стандарттарын сақтауды бір-бірінен өздері талап ете бастағаны маңызды, - дейді сарапшы.