Билиал Ердоған: Ұлттық спорт ұрпақтан ұрпаққа жалғасады

20 Сәуір 2019, 11:02
2590
Бөлісу:
Билиал Ердоған: Ұлттық спорт ұрпақтан ұрпаққа жалғасады
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ІІ Халықаралық форумында құттықтау сөз сөйлеген Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Неджметтин Билал Ердоған ұлттық спорт ұрпақтан ұрпаққа жалғасатынын айтты.

«Бүкілəлемдік этноспорт конфедерациясы дəстүрлі спорт түрлері мен ұлттық ойындарды насихаттауға арналған іс-шараларды өткізетін халықаралық ұйым. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін ұлттық ойындар мен дəстүрлі спорт түрлерін қолдайтын конфедерация алдағы уақытта мұндай іс-шараларды тұрақты жəне жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр» - дейді ол.

Сонымен қатар, ол конфедерацияның құрылған сəтінен бастап көптеген табысты ұйымдарға қол қойған Конфедерация қызметіне қатысу халықаралық деңгейде жəне өте қарқынды жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Бұл ұйым Түркияда үш жыл қатарынан этно-мəдени фестиваль ұйымдастырды. Осы орайда, көп азаматтар ат спортын зерттеуге жəне осы саланың жаңаруына ықпал етті. Сондай-ақ, Бүкілəлемдік этноспорт конфедерациясы жергілікті жерлерде өткізілетін іс-шараларға да үлкен қолдау көрсетіп отыр. Аталмыш ұйым далалық жəне академиялық білім сияқты семинарлар, кеңестер мен форумдар ұйымдастырады. Бұл конфедерация қызметінің басым бағыты деуге болады. Мəселен, Анталияда 2018 жылы 17-18 ақпан аралығында «Дəстүрлі спорт түрлері» атты форум ұйымдастырылды» - деді Билиал Ердоған.

Жиынға 56 елден 200-ден астам делегат келіп, 100-ден астам мекеменің қолдауымен өткен форум аясында әлемдік этноспорттың негізгі кезекті мəселелер қарастырылды.

«Дəстүрлі спорт түрлерін дəріптеу /жаһандандыру/; дəстүрлі спорт түрлеріне мүшелік ету, клуб ісі жəне клубтардың мəселелері; ұрпақтар мен мəдениеттер арасындағы қарым-қатынастағы этноспорт рөлі; жергілікті билік органдары жəне дəстүрлі спорт түрлері; мектеп спорт түрлері, бастауыш, орта жəне жоғары білім беру жүйесіндегі дəстүрлі спорт түрлері жəне тағы басқа да мəселелер қаралды. Жоғарыда талқыланған мəселелер нəтижесінде, этноспортқа арналған «Жол картасы» декларациясы көрсетілді. Осы орайда, дəстүрлі спорт мәселелерін анықтау, жеке жəне институционалдық тəжірибе негізінде оларды шешу жөнінде ұсыныстар, əртүрлі географиялық аймақтар үшін тəжірибе алмасу, əлемдегі дəстүрлі спортты қолдайтын ұйымдармен кездесу жəне кездесу орындарын құрудағы маңызды екінші форум бүгін Алматы қаласында жоспарлағанымыздай өтіп жатыр» - деді ол.

Іс-шара Қазақстанның Бүкілəлемдік этноспорт конфедерациясының қолдауымен бірінші форумның жалғасы ретінде «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» тақырыбында өтуде.

«Форумда бұған дейінгі талқыланған мəселелермен қатар өзге де осы саладағы өзекті тақырыптар арқылы əртүрлі перспективалық жоспарлар құру көзделген. Бүкілəлемдік этноспорт конфедерациясы осы маңызды жиынды жауапкершілігіне алған ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының жұмысын ерекше ықыласпен қолдап, қатысушыларға жəне ұйымдастырушыға алғыс білдіреді» - деді Билал Ердоған.

Өзгелердің жаңалығы