Әбілқайыр Сқақов құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап көрді

26 Шілде 2020, 09:58
1441
Бөлісу:
Әбілқайыр Сқақов құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әбілқайыр Сқақов жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап көрді. Өңір басшысы мердігерлермен жеке сөйлесіп, оларға жұмыс сапасы мен уақтылы орындалуы үшін жауапкершіліктері туралы ескертті. 

Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс сапарының барысында өңір басшысы бірден үш павлодарлық оқу орнында болды. №28 мектепте шатырды күрделі жөндеуден өткізіп, терезелерді, есіктерді, едендерді ауыстырып, орынжайларды әрлеуде және басқа да жұмыстар атқарылуда. № 34 мектепте электрмен жабдықтау жүйесі мен жарықтандыру жабдықтары ауыстырылуда, дәліздері, спорт залы мен қызметтік бөлмелері жөнделуде. Сонымен қатар оқу орнының аумағында футбол алаңы, жүгіру жолы және баскетбол мен волейбол ойнауға арналған спорт алаңының жайластыру жұмыстары аяқталуда. № 39 мектепте "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша қоршаулар ауыстырылып, қасбеті мен гардеробы ретке келтірілуде. Сондай-ақ бұл білім беру мекемесі ұзақ уақыт бойы пайдаланусыз тұрған бассейнді күрделі жөндеуден өткізе бастады. Мердігерлермен әңгіме барысында Әбілқайыр Сқақов жаңа оқу жылының басталу формасына қарамастан барлық жұмыстарды уақытында аяқтау керектігін еске салды.

Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Концерт залында әрлеу жұмыстары аяқталуда, жаңа креслолардың бір бөлігі әкелінді, енді сахнаның сәнін келтіруге дайындалып жатыр.

Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіттің аумағындағы саябақта өңір басшысына ойын алаңы мен жаттығу алаңдары, шатыр астындағы каскадты субұрқақ, орындықтар және басқалары орналасатын демалыс аймағын ұйымдастыру жұмыстары туралы баяндалды. Бірнеше күннің ішінде жөндеушілер тротуар жолдарына  тастөсеуіш төсеп, жиектастар орната бастайды. Саябақ аумағында жаңа шамдар орнатылады.

- Бұл саябақта аймақтарға бөлу адамдарға серуендеуге, демалуға, балалармен ойнауға мүмкіндік беретіндей етіп есептелген. Сіздің міндетіңіз - бұл жобаны сапалы орындау. Біз мұны қадағалайтын боламыз, - деді Әбілқайыр Сқақов мердігер ұйым өкілдеріне.

Бірнеше қалалық аулаларда облыс әкімі ұзақ жылдар бойы жөнделмеген көрші аумақтарды абаттандыру сапасына баға берді. Орындаушылар Бұқар жырау көшесіндегі №3 және №5 үйлердің маңындағы жұмыстарды жақын арада аяқтауға уәде берді. Оны жүзеге асыру басталғанға дейін абаттандыру жобасы жергілікті тұрғындармен келісіліп, олар аулалардың сыртқы келбеті туралы өз ойларын ортаға салған болатын.

Өңір басшысы "Шахмат үйінде" жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын да тексерді. Бүгін құрылысшылар шатырды ауыстырып, қасбетін әрлеп жатыр, содан кейін олар ғимарат ішінде әрлеу жұмыстарын бастайды. Мердігерлер жұмыстарды қыркүйектің басында аяқтауға уәде береді. Сонымен қатар Әбілқайыр Сқақов биыл орташа жөндеуден өтіп жатқан Толстой көшесінде болды. Бірнеше учаскеде жол ашылды, кейбір жерлерде әлі асфальт төселуде немесе бүйіртастар орнатылуда.

Өңір басшысы қала маңындағы Жетекші және Мойылды ауылдарын аралады. Жетекшіде үш ірі жоба жүзеге асырылуда, олар: спорттық-сауықтыру кешені, 300 орындық мектеп салу және орталық сумен қамтамасыз ету. Оқу орны мен су құбырын келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған. Мойылды ауылында да орталық сумен жабдықтау жүйесі салынуда. Бұл жерде жергілікті мектепке 100 орындық жапсарлас орынжай салынуда.

Өзгелердің жаңалығы