Бибісара Асаубаева шахматтан Азия чемпионы атанды

26 Тамыз 2021, 01:17
1230
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева шахматтан Азия чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азия чемпионы атағына ие болды.

Бұл туралы жас чемпион өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Бүгін мен әйелдер арасында Азия чемпионы атағын жеңіп алдым! Бұл менің алғашқы маңызды атағым! Мереке соңы концертке ұласты! Мен бәрін жақсы көремін, - деп Бибісара қуанышымен бөлісті.

Турнир 2021 жылдың 23-25 тамыз аралығында Тornelo ойын платформасында өтті. Чемпионатқа Азиянын 15 елінен 74 ойыншы қатысты, оның ішінде 9 халықаралық әйелдер гроссмейстері, 8 халықаралық шеберлер мен 22 әйелдер шахмат шеберлері бар.

Осылайша, Бибісара 2021 жылғы 25 қазан мен 8 қараша аралығында Латвияның Рига қаласында өтетін Fide Women's Grand Swiss 2021 турниріне жолдама алды. Бұл турнир 2021-2023 әлем чемпионатының біліктілік цикліне кіреді. Турнир Швейцария жүйесі бойынша 11 турмен өтеді, оған 50 үздік шахматшы қатысады.

Өзгелердің жаңалығы