Бибісара Асаубаева әлемдік блиц рейтингінің үздік бестігіне енді

1 Мамыр 2023, 19:08
900
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева әлемдік блиц рейтингінің үздік бестігіне енді
Фото: Артём Чурсинов

19 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте үздік бестікке енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай жаңалықты шахматшы Instagram парақшасында жариялады.

Соңғы турнирлерді есептей келе, мен әлемдегі ең үздік блиц-шахматшылар арасында үздік бестікке ендім, - деп жазды Асаубаева.

Рейтинг ФИДЕ сайтында да жарияланған.

Бибісара блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы. Жақында Нью-Делиде өткен Гран-приде Асаубаева үздік үштікке кірді. Ал Қазақстан мен Әлем құрамаларының матчтық қарсыластығында төрт дүркін әлем чемпионы және әйелдер арасындағы ФИДЕ рейтингінің көшбасшысы қытайлық Хоу Ифанды сенсациялық түрде жеңді.

Өзгелердің жаңалығы