Бибігүл Жексенбай алдағы сайлауларда ескерілуі керек мәселені атады

6 Маусым 2022, 12:28
4160
Бөлісу:
Бибігүл Жексенбай алдағы сайлауларда ескерілуі керек мәселені атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас редакторлар клубының төрағасы Бибігүл Жексенбай референдумды қоғамдық қолдаудың республикалық штаб мүшелерінің брифингінде айтты. 

Референдум халық күткен, ерекше тарихи оқиға болғаны рас. Елдегі қаңтар оқиғасынан кейін ұлтты  ұйыстырған саяси қадам болды. Бұл жауапкершілікті ел халқы бірауыздан түсініп, қолдау көрсеткені қуантады. Жасыратыны жоқ, іштен де, сырттан да бақылағандар көп болды. Дәл қазіргі жағдайда әкімшілік ресурсты пайдаланбай, мұндай саяси науқан өткізу оңай болған жоқ. Халқымыздың ертеңгі күнге деген сенімі мол екенін көрдік. Референдумнан зор үміт күткенін нәтиже көрсетіп отыр, - деді Жексенбай. 

Ол атағандай, алдын ала нәтиже мен ОРК нәтижесінің қатты айырмашылығы болмайды. 

Осыған дейінгі сайлаулардың нәтижесі де сондай тәжірибемен өтетін. Сондықтан да алғашқы саяси қадам жасалды. Оның әрі қарай жемісін қазақстандықтар көреді. Бұдан да жоғары көрсеткішке жетуге мүмкіндік бар еді. Бірақ ішкі миграцияның әлі де толық реттелмегені байқалды. БАҚ пен әлеуметтік желіде байқағанымыз бойынша көбі өз тегін тізімнен таппады. Оған республикалық тіркеуде басқа қалада, референдум кезінде өзге жерде жүруі әсер етті. Бұл - болашақта ескерілуі керек мәселе. Себебі референдумнан кейін алда әлі сайлау көп болады, - деді Бибігүл Жексенбай. 

Журналист референдум кезінде БАҚ та белсенді жұмыс істегенін айтты. 

Әлеуметтік желіде сыни материалдың аз болғаны референдумның жоғары деңгейде өткенін көрсетеді. Меніңше, бұл қазақстандықтардың саналығы мен ертеңнен зор үміт күтетінін көрсетеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы