Бибігүл Төлегенова «Спутник V» вакцинасын салдырды

18 Мамыр 2021, 18:50
1792
Бөлісу:
Бибігүл Төлегенова «Спутник V» вакцинасын салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова 91 жаста. Ол «СпутникV» вакцинасының екі компонентін алды. 

Бұл туралы Almaty.tv журналист Тұрсын Қалимованың facebook-тегі парақшасындағы хабарламаға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бибігүл апайдың амандығын білейін деп хабарластым. Апамыз «Спутник V» вакцинасының екі компонентін алыпты. «О, апай, жақсы болды. Алматыға енді барғанда жүздесетін болдық» деп едім. Алдымен вакцина салдыртшы, қызым, дейді, – деп жазады Тұрсын Қалимова.
Журналист әншінің «Халық аман болсын! Өздерін сақтасын!» деген сәлемін жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы