Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты

Оның финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.

 Ұлттық олимпиада комитеті 11 Қараша 2026, 21:20
11 Қараша 2026, 21:20
154
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының финалына жолдама алды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен кездесіп, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Оның финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Ақнұр Тұрсынғали да 57 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан болатын.

 

Наверх