Биатлоннан әлем кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелері іріктелді

25 Қараша 2019, 23:37
1704
Бөлісу:
Биатлоннан әлем кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелері іріктелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан жаңа маусымдағы алғашқы әлем кубогі кезеңі өтеді,  деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады. Федерацияның баспасөз қызметі Швецияда жарыс жолына шығатын спортшылар тізімін жариялады. 

Әйелдер командасы: Галина Вишневская, Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатова.

Ерлер командасы: Роман Ерёмин, Владислав Витенко, Антон Пантов, Максим Браун.

Өзгелердің жаңалығы