Биатлоннан Әлем кубогына Қазақстаннан кімдер қатысады?

20 Қараша 2021, 14:16
1143
Бөлісу:
Биатлоннан Әлем кубогына Қазақстаннан кімдер қатысады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биатлоннан Қазақстан командасы әлем кубогі қарсаңындағы жаттығу жиынын аяқтауға жақын, деп жазады Olympic.kz.

Жаттығу жиыны Финляндияда өтіп жатыр. Дайындық кезеңі 21 қарашада аяқталып, кейін спортшылар жарысқа қатыса бастайды.

Әлем кубогі кезеңдеріне қатысатын Қазақстан командасының құрамы төмендегідей:

Галина Вишневская-Шепоренко, Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева, Дарья Климина, Людмила Ахатова, Сергей Сирик, Александр Мухин, Бекентай Тұрлыбеков, Данил Белецкий, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев.

Айта кетелік, әлем кубогінің бірінші кезеңі Швецияның Эстерсунд қаласында 27-28 қараша аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы