Биатлоннан әлем кубогі: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі қандай?

11 Желтоқсан 2020, 20:33
1105
Бөлісу:
  Биатлоннан әлем кубогі: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Австрияның Хохфильцен аймағында биатлоннан әлем кубогінің үшінші кезеңі өтуде. Бүгін әйелдер арасындағы 7,5 шақырымға созылған спринтерлік жарыс жеңімпаздары анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл сында Беларусь өкілі Динара Әлімбекова топ жарды. Күміс және қола медальді норвегиялық Тириль Экхофф пен германиялық Франциска Пройс иеленген.  

Қазақстан командасы сапынан ең жақсы нәтижені Дарья Климина тіркеді. Ол мәре сызығын 90-шы болып кескен.  

Елизавета Бельченко 94-ші, Анастасия Кондратьева 108-ші орында. 



Өзгелердің жаңалығы