Биатлон: Щучинскте жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында ҚР Чемпионатының төртінші кезеңі басталды

5 Наурыз 2024, 04:10
679
Бөлісу:
Биатлон: Щучинскте жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында ҚР Чемпионатының төртінші кезеңі басталды
Фото: ҚР Биатлоншылар одағы

Кеше Щучинсктегі Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы биатлоннан ҚР Чемпионатының төртінші кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Биатлоншылар одағының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша жарысқа Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстары мен Алматы қаласынан 160-қа жуық бала қатысуда.

Ресми ашылу салтанатында Қазақстан Биатлоншылар Одағы атынан жарыстың үш қысқы кезеңінің қорытындысы бойынша Норвегияда өтетін Liatoppen festival қатысушылары таныстырылып, оларға федерация тарапынан спорттық киім табысталды.
Жарыстың алғашқы күні жас биатлоншылар спринт сайысында бақ сынады. Бірінші бәсекеде топ жарған спортшылар тізімі мынадай:

2009-2010 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында
1 орын-Небогатова Варвара (ШҚО)
2 орын-Хафизова Альбина (Ақмола обл)
3 орын-Афанасьева Ангелина (ШҚО)

2009-2010 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында
1 орын-Дудченко Никита (ШҚО)
2 орын-Колбышев Роман (Абай обл)
3 орын-Ветригов Руслан (Ақмола обл)

2011-2013 жылы туылған жеткіншек қыздар арасында
1 орын -Крашкевич Ксения (Павлодар обл)
2 орын -Жигулина София (Ақмола обл)
3 орын -Тимофеева Эвелина (Павлодар обл)

2011-2013 жылы туылған жеткінштек ұлдар арасында
1 орын -Тажибаев Арын (БҚО)
2 орын -Базелинский Илиан (Қостанай)
3 орын-Чирвин Денис (Қарағанды)

Өзгелердің жаңалығы