БҒМ Түркістандағы балабақша қызметкерлеріне қатысты түсінік берді

19 Қазан 2021, 20:13
6262
Бөлісу:
БҒМ Түркістандағы балабақша қызметкерлеріне қатысты түсінік берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұқаралық ақпарат құралдарында Түркістан облысында балабақша қызметкерлері ақшалай қаражат төлеуді талап етіп, акция өткізгені туралы ақпарат пайда болды.

Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді.

Бюджет кодексіне және «Білім туралы» Заңға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне ақшалай қаражат төлеу мәселесі жергілікті атқарушы органдардың, яғни әкімдіктердің құзыретіне жатады, – делінген түсініктемеде.

Айта кетейік, өңірлердің басым бөлігі балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс бөлуді бекітілген әдістемеге сәйкес жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етеді.

Алайда, жергілікті бюджетте қаражаттың жетіспеуіне байланысты Түркістан облысының әкімдігі республикалық бюджеттен берешекті өтеу үшін қосымша ақшалай қаражат бөлу туралы өтінім жіберді, – делінген БҒМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы