БҒМ: Оқушылар сарайларын жекешелендіруге жол берілмейді

1 Ақпан 2022, 10:36
1362
Бөлісу:
БҒМ: Оқушылар сарайларын жекешелендіруге жол берілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оқушылар сарайларын жекешелендіруге жол берілмейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Президентіміздің тапсырмасымен заңнамалық деңгейде оқушылар сарайларын, музыка және көркемөнер мектептерін жекешелендіруге жол бергізбеу нормаларын енгізу бойынша жұмыс басталды. Балаларды үйірмелер мен курстармен неғұрлым көбірек қамту үшін алғаш рет биыл қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастыру механизмі іске қосылады, - деп айтты министр.

Сондай-ақ алғаш рет ерекше балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін мемлекеттік тапсырыс енгізіледі.

50 мың балаға 1 ПМПК жаңа нормативін енгізу бойынша жұмысты бастадық. Осыған сәйкес 2022 жылы ерекше балалар үшін – 17 жаңа ПМПК ашылуы тиіс, - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Білім басшысы дарынды балаларды қолдау маңызды екенін атап өтті. 

Президенттің тиісті тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ-ны тапсырмай, жоғары оқу орындарына гранттар, сондай-ақ оларға және олардың педагогтеріне арнайы сыйақы беріледі, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы