БҒМ мұғалімі тапшы өңірлерді атады

10 Наурыз 2022, 13:04
3869
Бөлісу:
БҒМ мұғалімі тапшы өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова аппарат жиналысында мұғалімі тапшы өңірлерді атады.

Шолпан Каринова Президент мұғалім тапшылығы бар өңірлерге мамандарды тартудың арнайы бағдарламасын жасауды тапсырғанын еске салды.

Айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты – өңірлерге сапалы мұғалімдерді тарту арқылыбілім сапасын арттыру.

Тиісті өңірлерге мұғалімдерді тартудың арнайы конкурстық жобасын әзірлеп, оларды әрі қарай әлеуметтік қолдау арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуін арттыру көзделіп отыр. Оны орындау барысында талдау жұмыстары жүргізілді. Осы ретте өңірлердегі бала туу туралы айтып өтуге болады. Олардың қатарында Алматы, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстары бар. Бұл өңірлерде соңғы 3 жылдың ішінде бала өсімінің динамикасын байқауға болады, - деп айтты вице-министр.

Каринованың сөзінше, бұл оқушы орны мен мұғалім тапшылығына әкелуі мүмкін. Осы 3 жыл ішінде оқушы орнының тапшылығы өскені байқалады. Қазіргі күні жоғарыда аталған 4 өңірде оқушы орны мен мұғалімге қажеттілік бар.

Алматы, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 906 педагог тапшы. Сондай-ақ ағылшын тілі, информатика, биология, математика, бастауыш сынып және орыс тілі пәндері бойынша мұғалімдердің тапшылығы бар, - деп атап өтті БҒМ өкілі аппарат жиналысында.

Өзгелердің жаңалығы