БҒМ грантқа түсу ҰБТ-сы қашан өткізілетінін айтты

2 Сәуір 2022, 10:05
3312
Бөлісу:
БҒМ грантқа түсу ҰБТ-сы қашан өткізілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 сәуір күні Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылғы түлектерге жазған хатынды енді оқушылар грантқа түсу үшін ҰБТ-ны рет тапсыра алатындарын мәлімдеді. 

Министрліктің баспасөз қызметінен грантқа түсу үшін ҰБТ-ны қай айда тапсыруға болатыны туралы сұрап көрдік.

Биыл грантқа түсу үшін ҰБТ-ны екі рет тапсыруға болады. Өткен жылы да осындай шешім қабылданған еді. ҰБТ мамыр және маусым айларында өтеді. Нақты уақыты бекітілген соң, біз ақпаратты міндетті түрде жариялайтын боламыз, - деді министрлік.

Сонымен қатар толық ақпарат алдағы уақытта Тестілеу орталығының сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Грантқа түсу ҰБТ-сы мамыр және маусым айларында өтеді. 2 мүмкіндікті тапсыру уақытын және орнын түлектер өздері таңдайды. Сондай-ақ грант конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады, - делінген ведомство жауабында.

БҒМ-нің хабарлауынша, министрлік шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысқан. Сол себепті осы жолы да түлектердің ұсыныстары бойынша шешім қабылданды. Екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік берілді. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі:

1) 15 және 20 қаңтар аралығы;
2) 26 және 31 наурыз аралығы;
3) 20 маусым мен 5 шілде аралығы;
4) 17 және 20 тамыз аралығы.

Сондай-ақ 2020 жылдан бастап ҰБТ қағаз форматтан электронды форматқа көшірілді.

Тестілеуге қатысу бағасы – 4 230 теңге. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді тестілеуге қатысуға онлайн өтініш беру кезінде банк картасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн режимде жасайды.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Барлық тест тапсырмалар саны - 120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)

Өзгелердің жаңалығы