Бейжіңде ұлы ойшыл, ақын және бүгінгі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы «Абай күні» атап өтілді.
Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев өзінің ашылу сөзінде Абай Құнанбаевтың қазақ халқы үшін маңызды мәдени мұра және болашақ ұрпаққа тәрбие ретіндегі тарихи рөлін атап өтті. Қатысушылар Абай философиясымен оның шығармалары арқылы таныса білді.
ҚХР Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия және Еуропа елдері департаменті директорының орынбасары Лю Цзянпин өз сөзінде 2013 ж. қыркүйекте Назарбаев Университетінде сөз сөйлеген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Абай өлеңінің классикалық жолдарын келтіргенін атап өтті: «Әлем - шексіз мұхит. Уақыт - тынымсыз жел. Алдынғы буын ағалар, артқы буын інілер. Ұрпақтардың алмасуында өмірдің барлық жалғастығы бар».
Іс-шарада Абай өлеңдері қазақ және қытай тілдерінде оқылды, ал Бейжің халық аспаптар оркестрінің әртістері қазақ және қытай ұлттық музыкалық аспаптарының сүйемелдеуімен Абай әндерін орындады. Концертте Қытайда танымал әнші Арай Айдархан мен қазақстандық эстрада әншісі Рухия Байдүкенова - «Славян базары 2021» халықаралық байқауының гран-при иегері өнер көрсетті.
Жыл сайын «Абай оқулары» поэтикалық іс-шарасын өткізу Бейжіңде әдебиет, өнер және көркем сөз әуесқойлары арасында жақсы дәстүрге айналды.
Іс-шараға Қытайда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, мемлекеттік органдардың, Қытайдың академиялық және шығармашылық зиялыларының, қазақ ұлтты ҚХР азаматтарының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық БАҚ журналистері қатысты.