Бейжің Олимпиадасында ирандық спортшыдан допинг анықталды

10 Ақпан 2022, 16:25
998
Бөлісу:
Бейжің Олимпиадасында ирандық спортшыдан допинг анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада бірінші оң нәтиже көрсеткен допинг сынама анықталды, деп хабарлады vesti.kz.

 

Халықаралық допингке тестілеу агенттігіне (ITA) сілтеме жасап отырған "Чемпионат" порталының хабарлауынша, Иранның тау-шаңғышысы Хуссейн Савех-Шемшакидің допинг сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиттері табылған.

36 жастағы спортшы Қысқы ойындардың ашылуы салтанатында Иран туын ұстап шыққан. Қазір ол жарыстан уақытша шеттелді.  

Савех-Шемшаки 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочи Олимпидасына қатысқан.

Өзгелердің жаңалығы