Бейжің олимпиадасы: Қазіргі атмосфера қандай?

3 Ақпан 2022, 17:14
1435
Бөлісу:
Бейжің олимпиадасы: Қазіргі атмосфера қандай?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңде Олимпиада алауының эстафетасы басталды. Олимпиада астанасына адамдар жинала бастады. Олар ойындардың  ұйымдастырылуынан қандай әсер алып жатқанын BaigeNews.kz тілшісі оқиға орнынан хабарлады.

Шетелдіктерді жергілікті халықпен жақын араластырмауға тырысады. Қақпаның әр жағында жүрген адамдармен шығып әңгімелесуге де болмайды. Біз жабық ғимараттамыз, олар қалыпты өмір сүріп жатыр. Ал шетелдік журналистермен сөйлесуге болады, - дейді автор. 

Спорт журналистерінің саясатқа қызығушылығы аз. Сондықтан күнделікті тұрмыстық мәселелерге назар аударылады. Мысалы, белгілі бір нысанға қалай жетуге болады, қонақ үйде тұру ыңғайлы ма, қанша адам келді деген мәселелер мазалайды. 

Бейжің олимпиадасы: Қазіргі атмосфера қандай?

2022 жылғы Олимпиада ойындарында спорт нысандарының арасындағы қашықтық жақын емес. Бірақ бұл басты қиындық емес. Мысалы, Чжанцзякоудан Бейжіңге жету үшін алдымен қатарынан екі автобуспен, кейін жүрдек пойызбен жүру керек. Автобустар кесте бойынша жүреді, бұл да ыңғайсыз. Бұл қоғамдық көліктерді күту уақыты 30 минуттан бір жарым сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Австриядағы әріптесіміз қонақ үйден медиа орталыққа баратын автобустың ұзақ күтуіне қатысты пікірін «Very bad organization» (ұйымдастырылуы өте нашар)  деп білдірді. 

Германиядан келген тағы бір әріптес Яньцин олимпиадалық ауылынан Чжанцзякоудағы шаңғы трамплині кешенінің жанындағы тасымалдау пунктіне келді. Ол Чжанцзякоу медиа орталығына қалай жетуге болатыны туралы жауапты ұзақ күтті. Еріктілер мен қызметкерлердің ағылшын тілін жақсы білмесе немесе акцентпен сөйлесе, олар әріптестерінен көмек сұрайды немесе онлайн аудармашыларды пайдаланады. Бірақ соңында қойылған сұраққа жауап береді.

Бейжің олимпиадасы: Қазіргі атмосфера қандай?

Ресейлік журналистің бірі Бейжің әуежайында ПТР-сынағы туралы шағым жазғысы келгенін айтты. Бірақ ұйымдастыру комитеті мұны қабылдамады, себебі спортшылардың, бапкерлердің, журналистер мен ойын делегаттарының денсаулығы мен қауіпсіздігі бәрінен де жоғары. COVID-19-бен күресте барлық әдіс жақсы.

Чжанцзякоу мен Бейжіңдегі медиа-қонақ үйлер мен медиа орталықтардағы жағдай жақсы, көліктен басқа дүниеге арыз-шағым жоқ. Ал Олимпиадалық саябақтың ауқымы таң қалдырады.

Бейжің олимпиадасы: Қазіргі атмосфера қандай?

Бейжіңдегі медиа орталықта журналистердің демалыс орындарында орнатылған роботтар мен чиптердің барлық түрлері туралы тілшілер бір-біріне емес, өз репортаждарында айтады.

Барлығымыз қысқы Олимпиада ойындарының басталуын тағатсыздана күтудеміз. Ал мерекені асыға күту атмосферасы күннен-күнге күшейіп келеді. Спортшылар қойылым алдында түсініктеме бермеуге тырысады. Әсіресе, ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар.Қазақстандық спортшылар да өз кезегінде барынша нәтиже көрсетуді мақсат етіп отыр. Спортшыларымыз өздерінің әлеуметтік желілерінде және Ұлттық Олимпиада комитетінің аккаунттарында олимпиадалық ауылдар мен жаттығулардан видеолар жариялауда, - дейді автор. 

Бейжің олимпиадасы: Қазіргі атмосфера қандай?
Өзгелердің жаңалығы