Бейжің-2022: Жанкүйерлерге робот-бармендер қызмет көрсетеді

23 Қаңтар 2022, 16:45
1632
Бөлісу:
Бейжің-2022: Жанкүйерлерге робот-бармендер қызмет көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Барменді алмастырған робот. Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындары өтетін аумақта сусындарды адам көмегінсіз әзірлей алатын құлтемір пайда болды. Бұдан бөлек, әлгі құрылғы небәрі бір минут ішінде, оннан астам коктейль дайынды екен. 

Олимпиада ойындары ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай роботтар коронавирус жұқтыру деректерін азайтып, жарыстың мейлінше қауіпсіз өтуіне септігін тигізеді.

Өзгелердің жаңалығы