Бейжің-2022: Керлингтен іріктеу кезеңдері басталып кетті

3 Ақпан 2022, 09:31
1211
Бөлісу:
Бейжің-2022: Керлингтен іріктеу кезеңдері басталып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы бәсекесі басталды, деп жазады Olympic.kz. 

2 ақпан күні керлингтен дабл-микст бойынша топтық кездесулер өтті.  Бірінші жарыс күнінде Ұлыбритания мен Швеция, Австралия мен АҚШ, Норвегия мен Чехия, Қытай мен Швейцария арасында матчтар ұйымдастырылды.  

Керлингтен дабл-микст бойынша он құрама команда жүлдеге таласады. Бірінші айналымнан соң төрт үздік команда жартылай финалға жолдама алады.  Финал және қола медаль үшін кездесу 8 ақпанға жоспарланған.
 

Өзгелердің жаңалығы