Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

5 Мамыр 2022, 08:19
877
Бөлісу:
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 5 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады. Қазақстанның батысы жоғары қысым алқабында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Республика бойынша кей жерлерде найзағай күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл, батыста – тұман, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі. 

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі; түнде найзағай кезінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда 15-20 м/с болады. 

Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл, күндіз оңтүстікте, батыста, облыс орталығында найзағай күтіледі, жел найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

Таңертең және күндіз Қостанай облысының шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с. 

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, тәулік бойы солтүстікте, оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. 

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман болады. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы