7 желтоқсан күні республиканың көп бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсері жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Соның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын сақталады. Тек батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында тұман, көктайғақ, екпінді жел болжанады. Елдің шығысында өте қатты жел соғады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта жел тұрады.
Жетісу облысының Алакөл ауданында кей уақытта желдің күші артып, 30 м/с және одан жоғары болады.