Бейсенбіге арналған ауа айы болжамы

19 Қаңтар 2023, 09:19
736
Бөлісу:
Бейсенбіге арналған ауа айы болжамы

Бүгін Қазақстан аумағында кең ауқымды антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Тек күндіз республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен аздап қар жауады, елдің оңтүстігінде жел күшейіп, тұман түседі, – делінген ведомство хабарламасында.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -25-27°С, күндіз -12-14°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -14-16°С, күндіз -3-5°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13°С, күндіз -1+1°С.

Өзгелердің жаңалығы