Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

2 Сәуір 2020, 08:53
1436
Бөлісу:
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, бүгін республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты оңтүстік-шығыста түнде және таңертең таулы аймақтарда қатты жаңбыр, солтүстікте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Қостанай, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Өзгелердің жаңалығы