Бейсенбі, 7 мамырға арналған ауа райы болжамы

7 Мамыр 2020, 08:20
1975
Бөлісу:
Бейсенбі, 7 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 7 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-батыста күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. 

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел қарқыны – 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Алакөл ауданында секундына 23 метр жылдамдықпен жел еседі. 

Атырау, Жамбыл, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы