Бейсембаев еуропалық әріптестерімен бірқатар келіссөздер жүргізді

5 Желтоқсан 2024, 19:30
470
Бөлісу:
Бейсембаев еуропалық әріптестерімен бірқатар келіссөздер жүргізді
PHOTO
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ғани Бейсембаев еуропалық әріптестерімен кәсіптік-техникалық білім беру мәселелері бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР оқу-ағарту министрі Еуропалық білім беру қорының басшысы Пилви Торстимен, Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Яап Орамен кездесті.

Бейсембаев еуропалық әріптестерімен бірқатар келіссөздер жүргізді

Тараптар орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін талқылады.

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бейсембаев еуропалық әріптестерімен бірқатар келіссөздер жүргізді

Заңнамалық нормалар жетілдіріліп, халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, колледждердегі менеджмент күшейтілуде.

Сондай-ақ кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, колледждердің инновациялық дамуы, студенттер мен педагогтердің тағылымдамадан өтуі және мектеп педагогтерінің кәсіби дамуы жөніндегі жобалар талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы