Бейрезиденттер ЭЦҚ-ны қалай алады?

31 Желтоқсан 2021, 20:31
1708
Бөлісу:
Бейрезиденттер ЭЦҚ-ны қалай алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Пилоттық жоба шеңберінде бейрезиденттер электрондық цифрлық қолтаңбаларды еліміздің елшіліктері мен консулдықтары арқылы ала алады.

Пилоттық жоба сыртқы істер, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сондай-ақ ішкі істер министрліктерімен бірлесіп іске асырылды.

Аталған жоба Вашингтон, Сеул, Бішкек, Мәскеу, Прага, Дубай, Нью-Йорк, Санкт-Петербург, Майндағы-Франкфурт, Стамбұл және Бейжің қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасының 11 дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істейтін болады.

Жобаның негізгі мақсаты – әлеуетті шетел инвесторлардың Қазақстанның онлайн аукциондарына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Резидент емес жеке тұлғалар ЭЦҚ-ны «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады. Ол үшін шетел азаматтардың өзімен бірге паспорты, паспортының электрондық көшірмесі (pdf форматында), аты-жөнінің кириллицаға, қажет болған жағдайда латын әліпбиіне (pdf форматында) нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесі және USB-flash жинақтаушы (ЭЦҚ кілттерін сақтау үшін) болуы қажет.

Резидент емес заңды тұлғалар алдын ала Қаржы мининстрлігі МКК сайтында тіркеліп және БСН-ді онлайн алып, ЭЦҚ-ны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен ала алады.

Қызмет 2 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы