Бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек – Балаева

7 Маусым 2020, 12:27
1469
Бөлісу:
Бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеп алу керектігін айтты.

Қазақстан - зайырлы мемлекет, сондықтан Конституция барлық азаматтарға бірдей құқық, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге кепілдік береді. Оның ішінде біз әлеуметтік желілердегі біреудің ар-намысына тиетін түрлі жазбалар туралы айтып отырмыз. Бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жасалған бейнебаянға да қатысты. Жергілікті идеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек деп санаймын. Әкімдіктер жанынан арнайы жұмыс топтары құрылып, олар мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеп алғаны дұрыс, - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы