Бейнелеу өнеріне жаңа жанр қосылады

12 Сәуір 2023, 21:20
1441
Бөлісу:
Бейнелеу өнеріне жаңа жанр қосылады
VIDEO
Фото: qazaly.kz

 Бізкесте – бейнелеу өнеріне тағы бір жанр болып қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап.

Кейінгі уақытта көпшіліктің осы өнерге деген қызығушылығы арта түскен. Ұмытылып бара жатқан ұлттық өнерді жандандыруға үлес қосып жүрген жанның бірі - Зейнелхан Мұхамеджан.

Бұл туынды «Аласапыран» деп аталады. Қаңтар оқиғасына арналған. Зейнелхан Мұхамеджанның шығармаларының ауқымы кең.

Суретшінің айтуынша, қоғамда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайды. Сурет демекші кескінді бастамас бұрын алдымен эскизін жасап алу керек. Содан кейін барып кесте түседі.

Қайда барсам да бір ойымнан кетпей бір санамнан қылаң беріп, әрқашан бір хабар беріп тұратын қаңтар оқиғасы еді. Қалай берсем болады екен деп көп ойланып осындай тоқтамға келіп. Үш-төрт айға жалғасады. Бастағаныма бір айдай болды, - дейді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Зейнелхан Мұхамеджан.

Расында бізкесте аса төзімділікті қажет етеді. Көлеміне қарай кейбіріне 9 айға дейін уақытын жұмсайды.

Бізкесте – түрлі-түсті жіппен матаға тоқылған әшекейлі кесте. Зейнелхан Мұхамеджан 30 жылдан астам уақытын осы өнерге арнаған. Өткен ғасырдың 60 –шы жылдары ұмыт болуға аз қалған дүниені туған халқына қайта әкелді.

Суретші ретінде ерекше бір өз қолтаңбамды табу жолында ізденіспен келдім. Сол ізденісім өмірлік шығарма жолының негізін қалады. Кесте өнерімен өз жандүниемді қазақтың ұлы даласында болып жатқан оқиғаларды кестемен кестелеп шығармамды арқау қылып келе жатырмын, - дейді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Зейнелхан Мұхамеджан.

Оның шығармалары әлемнің көптеген елдерінің көрмелеріне қойылған. Өнерді шын бағалайтындар шетелден арнайы келіп, қалап алып кетеді. Ал бізде көрмеде тұрған дүниеге шын мән беріп, үңіліп қарамайды. Оның да өзіндік себебі бар.

Таңданып тұрып басын шайқайды да кетіп қалады. Ананы әрі қарай ізденіп, бұл не техника қалай жасалған, шебері кім дегенге бас қатырмайды. Неге өйтеді екен деген себебім бізде бірақ санадан өшіріп кеткен. Ойлануға да негіз жоқ па деп сондай дәрежеге жеткен бе деп, таңғалам,- дейді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Зейнелхан Мұхамеджан.

Тынымсыз насихаттың нәтижесінде соңғы кезде әсіресе жастар арасында осы өнерді үйренгісі келетіндердің қатары көбейе түскен. Тіпті сурет салудан хабары жоқтардың өзі келіп жатады. Ұлттық құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен шеберге бұдан асқан бақыт бар ма.

Өзгелердің жаңалығы