Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бейбіт Жұқаев челленджер турнирінің негізгі жарысына жолдама алды

19 Маусым 2024, 04:28
663
Бөлісу:

Бейбіт Жұқаев Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші алдымен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта әлемнің 177-ракеткасы, португалиялық Жайме Фарияны қапы қалдырды - 6:3, 6:7 (5:7), 6:1).

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лорені айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1.

Осылайша, Бейбіт жүлде қоры 148 625 еуроға бағаланған негізгі жарысқа жолдама алды.

Өзгелердің жаңалығы