Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

4 Қараша 2023, 03:14
700
Бөлісу:
Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы Шарлотсвилл челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 517-ракеткасы, испаниялық Иньяки Монтес де ла Торремен кездесті.

Бейбіт Жұқаев 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 51 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 284-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы