Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

3 Қараша 2023, 15:47
457
Бөлісу:
Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: prosports.kz

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы Шарлотсвилл челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз екінші айналымда әлемнің 517-ракеткасы, испаниялық Иньяки Монтес де ла Торремен кездесті.

Б.Жұқаев 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 51 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.

Айта кетейік, Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 284-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы