"Бейбіт тұрғындардың өліміне ұқсас". Генерал-майор әскердегі өлімнің себептерін атады

20 Қыркүйек 2024, 16:18
999
Бөлісу:
"Бейбіт тұрғындардың өліміне ұқсас". Генерал-майор әскердегі өлімнің себептерін атады
Фото: Сырым РАХИМБЕКОВ -архив

Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі өлімді әскери оқу-жаттығулардың қарқындылығымен байланыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір қоғамда біріншіден, бейбіт уақытта әскери қызметшілер армияда өліп жатыр, екіншіден, жеке құрамда әлімжеттік бар деген қате түсінік қалыптасқанын көріп отыр. Әскердегі өлім-жітім, жарақаттану және әскери қызметтегі қауіпті факторларға тоқталайын. Армия – спецификалық әлеуметтік организм. Онда өміріңізде қауіп төнетін жағдайлар болады. Бұл – жауынгерлік техниканы пайдалану, жаттығулар, атыс, маневр және шерулер. Сондай-ақ әскери қызметшілер нақты жауынгерлік құралдарды пайдаланады, - деді Жазықбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Генерал-майор әскери әскери қызметшілердің қаза болу фактілері тіркеліп жатқанын жасырмады.

Әрине, соңғы жылдары әскери оқу-жаттығудың қарқындылығы күрт өсті. Осылайша, жарақат алу қаупі артты. Бейбіт уақытта Қарулы күштердегі қызмет ету басқа мамандықтардағы сияқты қауіп сақталады. Бүгінгі таңда әскери қызметшілердің қаза болуының барлық жағдайы бейбіт тұрғындардың өліміне ұқсас, - деді Жазықбаев.

Министрлік әскери қызметшілердің өлімі мен жарақаттануының негізгі себебін осылар дейді:

- қару-жарақ пен оқ-дәрілерді абайсыз пайдалану;
- ⁠техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу; 
- ⁠қызметтен тыс уақытта жол-көлік оқиғасына түсу; 
- ауру бойынша өлім-жітім;
- ⁠отбасындағы қиындықтарға байланысты өз-өзіне қол жұмсау;

Еске сала кетейік, осыған дейін генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі әлімжеттіктің азайып келе жатқанын айтты. Ол әскерде ақша бопсалайтын офицерлер мен сержанттар туралы да пікірін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы