Бейбіт Шүменов WBA тұжырымында қайтадан әлем чемпионы атанды

2 Қыркүйек 2019, 09:55
2307
Бөлісу:
Бейбіт Шүменов WBA тұжырымында қайтадан әлем чемпионы атанды

Алматы, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) бірінші ауыр салмақтың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Отандасымыз Бейбіт Шүменовтің (18-2, 12 КО) қайтадан «тұрақты» әлем чемпионы болғаны хабарланды. 

Шүменов бұған дейін WBA бойынша «демалыстағы чемпион» дәрежесін иеленген, дегенмен енді бұрынғы атағын қайта қайтарып алды.

Боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың шілде айында түрік Хизни Алтункайға қарсы өткізген. Бейбіт қарсыласын тоғызыншы раундта уақытынан бұрын жеңген болатын. Осы жеңістің арқасында ол WBA тұжырымындағы вакантты белдікті қайтарып алды.

Өзгелердің жаңалығы